Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы басталды

12 Июля, 2018, 15:14 2054
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы басталды |  | BNews.kz

Тұрғындар көкөністер мен жеміс-жидекті жергілікті өндірушілерден нарықтық бағадан 10% -ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады.

Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Астанада апта сайынғы қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері маусымы басталады, деп хабарлайды BNews.kz.

Азаматтар жергілікті өндірушілерден нарықтық бағадан 10%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады. ХҚКО аумағында Сауран көшесі 7 мекен жайы бойынша орналасқан ауылшаруашылық жәрмеңкесінде картоп, пияз және тағы басқа да көкөністер, сондай-ақ шұжық, макарон өнімдері сияқты кең ассортимент ұсынылған. 

Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости