Астанада авиация мамандарын даярлау жөніндегі ИКАО-ның Халықаралық симпозиумы өтуде

09 қазан, 2017, 15:25 1268 Астана
Астанада авиация мамандарын даярлау жөніндегі ИКАО-ның Халықаралық симпозиумы өтуде

Бүгін алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) «Қазаэронавигация» РМК бастауымен ИКАО-ның Авиация мамандарын даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі симпозиумның ашылу салтанаты өтті.

Симпозиумның ресми ашылу салтанытында ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров, сонымен қатар ИКАО-ның Техникалық қарым-қатыныс бюросының бас директорының орынбасары және жаһандық авиацациялық даярлау басқармасының басшысы   Беляне Мешеша сөз сөйледі.

«Симпозиум авиация мамандарын даярлау саласындағы тәжірибемен және жаңа әдістермен алмасу үшін және Қазақстанға Еуразия континентінде авиация саласының дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде.

Симпозиумға азаматтық авиация саласы органдарының өкілдерін, аэронавигациялық қызмет көрсетушілерді, өндірістік кәсіпорындарды, азаматтық авиацияның оқу орталықтарын, әуе компанияларды, жерде қызмет көрсету және жүк операторларын, техникалық қызмет көрсету ұйымдарын және әуежайлардың операторларын қоса алғанда, 90 алыс және жақын шет мемлекеттерден 350-ден астам делегат қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша Симпозиум аясында біліктілік бойынша тиімді оқу бағдарламаларын пайдалану, авиация саласындағы инновацияны, тиімді және рационалды шешімдерді зерттеу қарастыралатын болады.

Симпозиум азаматтық авиация органдарының, аэроновигациялық қызмет көрсетушілердің, өндірістік кәсіпорындардың, азаматтық авиация оқу орталықтарының, әуе компаниялардың өкілдерінің, жер үсті тасымалдаушылар мен жүк операторларының, техникалық қызмет көрсету ұйымдары мен әуежай операторларының ерекше қызығушылығын тудырады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!