Астанада автобус жүргізушілерінің жұмысы тексерілді

22 қазан, 2018, 10:19 1552 Астана
Астанада автобус жүргізушілерінің жұмысы тексерілді

Бір күнде 160 бұзушылық анықталған.

Қалада "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты ІІД-не сілтеме жасап. Шараның бір күндік қорытындысы бойынша жол полиция қызметкерлерімен жолаушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің 160-тан астам құқық бұзушылықтарын анықтады.

Оның ішінде шығарындыларды ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану бойынша 16 факті, жүргізушілердің автобус жүргізу сәтінде телефонмен сөйлесуі бойынша 14, оның 10-ы жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде телефонмен қолдану бойынша, 12-і  маневр ережелерін бұзу, шамамен 10 фактісі техникалық тексерістен өтпеген автобустарды пайдалану, жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы бойынша 5 факті анықталды. Берілген бағытта жұмыс жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар