Астанада аяз күшейеді

04 желтоқсан, 2018, 19:07 2103 Астана
Астанада аяз күшейеді

Түнде тұман түсіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12...-14 °C, күндіз -8...-10 °C. 6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19...-21 °С, күндіз -14...-16 °С көрсетеді. Жұма, 7 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22...-24 °C, күндіз -17...-19 °C болады деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар