Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін – Білім басқармасы

05 қазан, 2018, 09:54 3286
Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін – Білім басқармасы

ҚР Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары жалақыға қатысты мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқыланып жатқанын айтты.

Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен жиында ҚР Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Жалақыға қатысты бұл мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқыланып жатыр. Қазір мектепке дейінгі ұйымдардың да, қосымша білім беру ұйымдарының да еңбекақы қорына қатысты түзетулер жөніндегі барлық ұсыныстары жинақталуда. Шындығында да, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өте төмен және ол санатқа, штатқа байланысты. Біз өз ұсынысымызды енгіздік. Жалпы, жалақыға байланысты тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы жинақ жасалады", - деді Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар, ол балабақшадағы орын жетіспеушілігіне де тоқталды. 

"Мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспеуіне қатысты айтар болсам, өткен жылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 79 мектепке дейінгі ұйым ашылып, оларға 9 мың балаға мемлекеттік тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта республика бойынша 18 мың мектепке дейінгі жеке ұйым және 300-ден астам қосымша мектепке дейінгі білім ұйымы бар", - деді Гүлжан Айтжанова.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #балабақша #жалақы #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости