Астанада балаларға қауіпсіздік ережесі түсіндірілді

27 шілде, 2018, 15:23 3092 Астана
Астанада балаларға қауіпсіздік ережесі түсіндірілді

ТЖД қызметкерлері "Қауіпсіздікке қарай жасалған қадам" акциясын өткізді.

Жазғы демалыс кезеңінде Астана қаласы "Алматы" ауданы ТЖБ қызметкерлері апта сайын төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ қамқорлығындағы балалар арасында "Қауіпсіздікке қарай жасалған қадам" акциясын өткізді.

Акция аясында 7-15 жас аралығындағы балалар "Төтенше жағдайларсыз ғажайып әлем" тақырыбындағы сурет салу байқауына қатысты. Оларға өрт қауіпсіздігі қағидасы, жазғы маусымда судағы қауіпсіздікті сақтау қағидалары түсіндірілді.

Акция соңында балаларға құтқару жилеттері, құтқару шеңберлері және естелік сыйлықтары табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар