Астанада балалары түнгі уақытта серуендеген ата-аналарға айыппұл салынды - Жаңалықтар | BNews

Астанада балалары түнгі уақытта серуендеген ата-аналарға айыппұл салынды

Написать нам
30 қазан, 2018, 17:49 2275 Астана
Астанада балалары түнгі уақытта серуендеген ата-аналарға айыппұл салынды

14 пен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын алу, сондай-ақ, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 25-28 қазаны аралығында Астана қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын жайдан тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін, сондай-ақ, 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар бұзақылық жасағаны үшін 70-тен астам ата-ана, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласы әкімдігінің "кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына" 20-ға жуық кәмелетке толмағандар орналастырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар