Астанада баламалы энергия көздеріне көшу мүмкіндігі талқыланды - Жаңалықтар | BNews

Астанада баламалы энергия көздеріне көшу мүмкіндігі талқыланды

15 ақпан, 20:23 1213 Астана
Астанада баламалы энергия көздеріне көшу мүмкіндігі талқыланды

Елордада "Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің әдіснамасы мен тетіктері" тақырыбына арналған семинар өтті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараның мақсаты – Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясының әдіснамасын әзірлеу туралы жұртшылықты хабардар ету және Париж климаттық келісімі аясында іске асыру тетіктерін талқылау.

"Менің ойымша Астана қаласынның мүмкіндігі өте жоғары, өйткені қаланың құрылысы әлі жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті "жасыл" энергетиканы дамытуда қолданған жөн. Астананың ауа ластануынан құтылуының мүмкіндігі Германияның көп қаласына қарағанда жоғары. Өйткені Германия қалаларының инфрақұрылымы көп жылдар бойы жасалып келеді, ал Астанада жаңа басталып жатыр. Осы мүмкіндікті "жасыл" энергияны қолдануға пайдаланған дұрыс", - деді  Конрад Аденауэр атындағы халықаралы қор өкілдері.

Астананы біртіндеп баламалы энергия көздеріне көшіру көзделген. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруіне қарсы күресте негізгі міндеттер ретінде қаланың көміртек әлеуетін бағалауға арналған жаңа құралдарды бейімдеу және климаттық тәуекелдерді азайту бойынша практикалық шаралар әзірлеу. Осыны жүзеге асыру мақсатында ЖЭО экологиялық құрылғы орнатылады. Сонымен қатар, жанар-жағармайдың жаңа стандартына көшу, ауа ластайтын ескі көліктерді қала аумағына кіргізбеу және қаланың  жеке секторын газдандыру жұмыстары атқарылу керек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары