Астанада бейнебақылау жүйесі арқылы қар тазалау жұмысы қадағаланады - Жаңалықтар | BNews

Астанада бейнебақылау жүйесі арқылы қар тазалау жұмысы қадағаланады

23 ақпан, 09:55 1319 Астана
Астанада бейнебақылау жүйесі арқылы қар тазалау жұмысы қадағаланады

Астана мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қаладағы қар тазалаудың сапасын бақылайтын болды.

Коммуналдық қызметтің жұмысын мониторингілеу қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен онлайн режимде жүргізеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

3000-ға жуық камера қаладағы жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын бақылайды.

Тазаланбаған ауланы анықтаған жағдайда мониторинг орталығының операторлары ол жерге қар тазалайтын көлік пен жұмысшыларды жібереді. 

Бейнебақылаудың жалпы жүйесіне әзірге Үркер мен Көктал тұрғын алаптары ғана қосылған жоқ. 

Тұрғындарға қолайлы болу үшін қаланың коммуналдық қызметіндегі қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүреді. 

"Астана Тазалық" ЖШС мәліметінше, қаланы қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 256 арнайы техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы астананың үш ауданынан 2 421 266 текше метр қар шығарылды.

Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселеге қатысты, оның ішінде қар шығару үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, саІІ-орталықтағы 109 номеріне қоңырау шалуға болатынын еске салады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары