Сондай-ақ, төрт мың тоннаға жуық қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды.
Тағы бір кезекті экологиялық айлық аяқталды. Акцияның толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды, 13 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды және 8880 тал-шілік отырғызылды, деп хабарлайды Bnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласында санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 2018 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен экологиялық айлықта және 22 қыркүйекте өткен жалпықалалық сенбілікте 118 мыңнан астам азамат, сонымен бірге 4 180 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. Мамандандырылған техниканың 506 бірліктен астамы іске қосылды.
"Өткізілген айлықтың аясында 13 307 ағаш көшеті (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма ағашы) және 8880 тал-шілік отырғызылды. Айлықтың толық кезеңінде 3522,78 тонна қалдық полигонға көму үшін жиналып, шығарылды және 751 сапар жасалынды", - деді Астана қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев.
Сондай-ақ, біздің елорда халықаралық әлеуметтік-экологиялық "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясына қосылды. Соның барысында 3,3 тонна қайталама шикізаттарды жинап, өңдеуге тапсырылды.
"Орта және шағын бизнестің қызметкерлерімен кіреберіс және ұштасқан аумақтар жинастырылды. Коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар ішкі орамды абаттандыруда, жол төсемі мен жаяу жүргінші өтпежолдарының бүлінген (шұңқырлы) аймақтарында ағымдық жөндеу бойынша жұмыстары және рұқсаты жоқ қоқыс үйінділерді жою жұмыстары жүргізілді", - деп түйіндеді спикер.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Аязда тоңып тұрған павлодарлықтарды "мейірімді жүргізушілер" үйіне дейін жеткізуде
-
Түркістан маңында "жасыл белдеу" пайда болады
-
Қарағандылық оқушыларға қоқысты бөлек жинаудың маңыздылығы түсіндірілді
-
Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына орай "150 игі іс" атты қалалық акция өтіп жатыр
-
Алматыда Есентай өзенінің арналары бекітілуде
-
ҚХА-ның әлеуметтік қорғалмаған топтарды қолдайтын қайырымдылық шарасы жыл бойы өтеді
-
Алматы облысының тұрғыны "Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясына қатысып, автокөлік иеленді
-
Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы өткізілген акцияның қорытындысы шығарылды