Астанада "Борышкер-2018" жедел-алдын алу шарасы өткізілуде - Жаңалықтар | BNews

Астанада "Борышкер-2018" жедел-алдын алу шарасы өткізілуде

08 тамыз, 10:35 1566 Астана
Астанада

Қалада өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалар саны 20%-ға төмендеген.

Астана қаласының аумағында салынған айыппұлдарды уақытында өндіруге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулының орындалуын бақылау мақсатында Астана қаласы бойынша өңірлік палатаның жеке сот орындаушыларының қатысуымен ағымдағы жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында жол жағдайын тұтастай зияткерлік көлік жүйесі реттеп отырады. Бейнебақылау камералары жүйесінің саны  жылдан жылға көбеюде.

Талдау көрсетіп отырғандай, елордада жол жүрісі қағидасын бұзудың 90%-на жуығын құқық бұзушылықты автоматтандырылған фото-бейне тіркеу жүйесі, оның ішінде "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені анықтайды. Аталған технологияны қолдану жол-көлік оқиғалары санының азаюына мүмкіндік берді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 20%-ға төмендеген.

Осы іс-шара барысында 11 күннің ішінде 29 077 құқық бұзушы тексеріліп,  43 млн. теңге сомасына 4 694 әкімшілік айыппұл төленді.

Іс-шара барысында әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздары бар екені туралы 17 мыңнан астам хабарландыру берілді.

ӘҚБтК 811-бабы 1-бөлігіне сәйкес "егер де әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым тиісінше жеткізілген уақыттан бастап тұлға көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшеріндегі айыппұлды 7 тәулік ішінде  төлеуге құқылы".

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлды  төмендегі тәсілдер бойынша онлайн режимде, интернет-сайттар qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz, homebank.kz, HandyPay, MyPay және т.б. мобильді қосымшалар арқылы, екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу - кассалық бөлімшелерінде тексеруге және төлеуге болатынын хабарлады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары