Астанада бос көлік тұрағын іздеуге арналған мобильдік қосымша дайындалды

06 желтоқсан, 2018, 09:57 3187 Астана
Астанада бос көлік тұрағын іздеуге арналған мобильдік қосымша дайындалды

Жаңа қосымша қаладағы 16 тұрғын үй кешеніндегі бос тұрақ орындарын жалға алуға мүмкіндік береді.

Елорда тұрғындары бос автотұрақ орындарын іздеуге арналған TuraQshare мобильдік қосымшасын дайындады. Ол тұрғын үй кешендеріндегі бос тұрақ орындарын жалға алуға көмектеседі. Қызметтің орташа құны 55 теңге, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Astana Hub" IT-стартап халықаралық орталығында мобильдік қосымшаны әзірлеушілер "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болды.

"Мысалы, азаматтар тұрғын үй кешендеріндегі бос тұрған немесе иесіне әзірге қажеті жоқ көлік тұрағын біздің мобильді қосымша арқылы екінші адамға жалға бере алады. Қазіргі кезде TuraQshare қосымшаның Android нұсқасына біз 16 тұрғын үй кешенін енгіздік, онда жалпы қосқанда 2 мыңға жуық тұрақ орны бар. Біздің ойымызша, әр бесінші автотұрақ иесі өзіне тиесілі тұрақ орнын жалға бергісі келеді, бере алады да", - деді жоба авторларының бірі Әнуар Байтулақов.

Оның айтуынша, қызметтің орташа құны - 55 теңге.

"Бізде нақты тариф белгіленген. Адам орынды бір аптаға немесе бір айға, бірнеше сағатқа алуы мүмкін. Бір айда 15 мың теңге, ал 1 сағатқа – 150 теңге төлейсіз. Ал бірінші сағаттан кейінгі уақытта төлейтін төлемдеріңіздің мөлшері азая береді. Орта есеппен әр сағат үшін 55 теңге төлеу керек. Өз тарапымыздан тұрақ орнын, сақтық шараларын қамтамасыз етеміз", - дейді ол.

Қазіргі таңда қосымша Android-та бета-версияда тесттік жүйеде жұмыс істеуде. Қосымша iPhone қолданушылар үшін 1 қаңтардан бастап қолжетімді болады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар