Астанада бүгіннен бастап Солтүстік айналым жолы жабылады

14 тамыз, 2017, 10:23 551
Астанада бүгіннен бастап Солтүстік айналым жолы жабылады

Астанада автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Алаш тас жолынан бастап Өндіріс тас жолына дейінгі учаскедегі Солтүстік айналым жолы бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Вnews.kz қала әкімінің astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 14-нен бастап 20-на дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады.

Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жол жабық

Читайте также

Похожие новости