Астанада Бүркітшілер арасындағы халықаралық турнир өтеді

15 Октября, 2018, 15:57 2467
Астанада Бүркітшілер арасындағы халықаралық турнир өтеді |  | BNews.kz

Осы аптада елордада көптеген мәдени және спорттық іс-шара өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 15-21 қазан аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары 15 мен 21 қазан аралығында сағат 10:00-18:00 Тәуелсіздік сарайында Асқар Нұрболаттың "Өмір" атты жеке көркем көрмесі, "Ақанаевтар әулеті" атты жеке көркем көрмесі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Е.С. Асылхановтың жеке көрмесін тамашалай алады.

15-30 қазан сағат 10:00-18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында "Рухани жаңғыру: Карлаг, "АЛЖИР" - Қазақстанның естелік орындары", "КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан" - "КАРЛАГ: творчество в неволе".

15 қазан сағат 18:00-де Казмедиа орталығында "Newton tour" тобының концерті.

16 қазан сағат 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварц "Күлше қыз", ертегісі, 17 қазан сағат 18:30-да Р. Отарбаев "Көлеңкесіз жолаушы" психологиялық драмасы, 18 қазан сағат 18:30-да С. Балғабаев "Ең жақсы еркек" комедиясы, 19 қазан сағат 18:30-да М. Байжиев "Тіл табыскандар" комедиясы, 21 қазан сағат 18:30-да Ш. Айтматов "Қызыл орамалды шынарым" лирикалық драмасы қойылады.

16 қазан сағат 19:00-де "Астана Опера" МОБТ (Камералық зал) "Бег времени" симфониялық музыкалық кеші, 17 қазан сағат 19:00-де "Романтика по немецки" концерті, 19 қазан сағат 19:00-де "Астана Опера" МОБТ (Камералық зал) "ТЮРКСОЙ" жастар камералық қорының концерті өтеді.

16 қазан сағат 19:30-да "Астана" концерт залында Симфониялық оркестрдің концерті, 17 қазан сағат 19:00-де Халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, "Сарыарқа" халық музыкасы ансамблі, "Шалқыма" халық биі ансамблінің "Әсерлі ән сал домбыра" атты концерті, 20 қазан сағат 17:00-де Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық би ансамблінің "Ән шырқайық, би билеп" атты концерті өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары 20 қазан сағат 15:00-де, 21 қазан сағат 18:00-де "Қазақстан" ОКЗ-да "Жыр арқауы – Астана" халықаралық ақындар айтысын тамашалай алады.

21 қазан сағат 18:00-де Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А. Цагарелидің "Ханума" музыкалық комедиясы қойылады.

20-21 қазанда таңертең Алаш тас жолында танымал бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған Бүркітшілер арасындағы халықаралық турнир және Астананың ашық біріншілі өтеді. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13986

Похожие новости