Астанада Bus Lane жолағында автобус автокөлікпен соқтығысып қалды - Жаңалықтар | BNews

Астанада Bus Lane жолағында автобус автокөлікпен соқтығысып қалды

23 ақпан, 11:16 1304 Астана
Астанада Bus Lane жолағында автобус автокөлікпен соқтығысып қалды

Жарақат алған автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Астанада жолаушылар автобусы қоғамдық көлік жүруге белгіленген арнайы жолақта Chevrolet маркалы автокөлікпен соқтығысып қалды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы таңертеңгі сағат 08:36-да Тұран даңғылының бойында орын алған.

"Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі Тұран даңғылы бойында қоғамдық көлікпен соқтығысты. Жол-көлік апатынан кейін автобус серпінмен көше жарықтандыру тірегіне соғылған. Апат салдарынан 1988 Chevrolet автокөлігінің 1988 жылы туылған жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция қажет сарпатама жасап, тексеру жүргізуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары