Астанада дәрігерлерге арналған фотокөрме өтеді

05 қараша, 2018, 11:47 2052
Астанада дәрігерлерге арналған фотокөрме өтеді

Көрмеге келушілер дәрігерлерден тегін медициналық кеңес ала алады.

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Жақсы дәрігер" атты екі күндік фотокөрме өз жұмысын бастайды, деп xабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны Sultan magazine журналы № 2 қалалық ауруxана және "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бұл әлеуметтік жоба медициналық көмек көрсету деңгейін көтеруге және медициналық қызметкерлерге деген сұранысты арттыруға бағытталған. TEDх фотокөрмесі аясында тегін медициналық тексерулер, бос орындар жәрмеңкесі және қалалық медицина ұйымдарының бас дәрігерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Сонымен қатар, көрмеге келушілер тіс дәрігері, невропатолог, кардиолог, педиатр, терапевт және косметологтан тегін медициналық кеңес ала алады. Көрме  6 қарашаға дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #дәрігер #фотокөрме

Читайте также

Похожие новости