Астанада дарынды оқушылар арасында сайыс өтті

29 Ноября, 2018, 20:08 3253
Астанада дарынды оқушылар арасында сайыс өтті |  | BNews.kz

Катысушылар білім деңгейі және ой-өрісімен қатар, шешендік қабілеттерін де көрсете білді.

Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған қалалық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында "Көшбасшы оқушы" атты зияткерлік сайыс өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс тақырыбы "Астана – Ұлы дала елордасы". Байқаудың іріктеу кезеңінде тест қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 12 оқушы конкурстың финалында бақ сынады. 

"Бұл конкурс жыл сайын өткізіледі. Біздің жастар өте білімді, зерек және өте талантты. Олар түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатысып жүлделі орындар алады. Үйренуге, жетістікке жетуге тырысыңдар, кейінгі ұрпаққа үлгі болыңдар", - деді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева.

Катысушылар білімін ортаға салып, ой-өрісінің кеңдігін, шешендік қабілетін көрсетті. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені № 81 "Astana English School" гимназиясының оқушысы Аружан Отарбекова алды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13933

Похожие новости