Астанада дауылды ескерту жарияланды

14 қаңтар, 2019, 11:43 171 Астана
Астанада дауылды ескерту жарияланды

Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Синоптиктердің болжауынша, елордада жел екпіні 18м/с дейін күшейеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"14 қаңтарда таңертең және күндіз елордада оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 14 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жететін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!