Астанада дауылды ескерту жарияланды

29 қараша, 2018, 15:34 179 Астана
Астанада дауылды ескерту жарияланды

30 қарашада елордада боран соғып, тұман түседі.

Синоптиктердің болжамынша, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"30 қарашада елордада боран соғып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 % құрайды", – делінген "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасында.

Ақмола облысында 30 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!