Астанада дауылды ескерту жарияланды

21 қараша, 2018, 18:09 181 Астана
Астанада дауылды ескерту жарияланды

Болжам бойынша Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Синоптиктердің болжауынша, қалада тұман, көктайғақ болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"22 қарашада елордада тұман, көктайғақ, ал 23-24 қарашада боран күтіледі. 22 қарашада күндіз, 23-24 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Болжам бойынша Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. 23-24 қарашада кей жерлерде боран, оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын  солтүстік-батысқа өзгертіп, оның жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!