Астанада дауылды ескерту жарияланды

Написать нам
29 қазан, 2018, 11:07 174 Астана
Астанада дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.

28-30 қазан күндері Астанада дауылды ескерту жарияланды. Осы күндері желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты Қазгидрометке сілтеме жасап. 

"Астанада 28-30 қазан күндері батыстан, солтүстік-батыстан 15-0 м/с жел соғады деп күтілуде, тұман, көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдылығы 85-90 %", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын күтіледі, күндіз кей жерлерде қатты жауын, қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, аздаған бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан – 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с барады деп болжануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!