Астанада демалыс күндері қайда баруға болады

19 қаңтар, 2019, 11:31 2872
Астанада демалыс күндері қайда баруға болады

19-20 қаңтарда өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар тізімі белгілі болды.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 19-20 қаңтарда қаладаның мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін іс-шаралардың жоспарын ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қалалық алаң, "Хан Шатыр" ОСО аумағы, Ботаникалық бақ

14 қаңтар - 10 ақпан аралығы (сағат 13:00-20:00-де) – "Astana Winter Land" фестивалі аясындағы қысқы шаралар циклі  

Тәуелсіздік сарайы

19-31 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – "Ақанаевтар әулеті" жеке көркем көрмесі;

19, 20 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – №52 орта мектеп ұстазы Ж. Қайраттың "Түс әлемі" жеке көрмесі;

19, 20 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – Р. Беркімбаевтың "Үміт жолы" жеке көркем сурет көрмесі; 

19-31 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – "Әуедегі қозғалыс" қазіргі заман өнер көрмесі;

19, 20 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – "Менің елім - Мәңгілік ел" атты Астана қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі;

19-31 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – С. Махамбетовтің "Баллада гор и степей" жеке көрмесі;

19-31 қаңтарда (сағат 10:00-18:00-де) – "Антиквариат" көрмесі.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

20 қаңтарда сағат 18:30-да – М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" драмасы

"Астана Опера" МОБТ (камералық зал)

20 қаңтарда сағат 12:00-де – "Петя мен қасқыр" симфониялық концерті.

"Дәулет" СК

19, 20 қаңтарда сағат 9:00-де – Теннистен "Қызыл доп" балалар турнирі.

Қуыршақтар театры

19, 20 қаңтарда (сағат 12:00, 14:00, 16:00-де) – Т. Хасанғалиеваның "Ана құдіреті" қойылымы (Р.Киплингтің "Маугли" шығармасының желісі бойынша);

19 қаңтарда сағат 18:30-да – Ш. Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" драмасы.

"Астана" концерт залы

19 қаңтарда сағат 18:00-де – "Құрманғазы" концерттік қойылымы.

Бейбітшілік және Келісім сарайы      

19 қаңтарда сағат 18:00-де – Л.Толстойдың "Анна Каренина" драмасы (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

"Алатау" СК

20 қаңтарда сағат 10:00-де – Гір көтеруден жастар және жасөспірім қыздар арасында Астана қаласының чемпионаты (Д/Ц).

Ботаникалық саябақ

20 қаңтарда сағат 10:30-да (ашылуы сағат 11:00-де) – Халықаралық қар күніне орай мерекелік спорттық іс-шаралар.

"Жастар" сарайы

20 қаңтарда сағат 15:00-де – "Жапонияның мәдениет күні" фестивалі.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #демалыс күндер #мәдениет және спорт

Читайте также

Похожие новости