Астанада демалыс күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

07 желтоқсан, 2018, 18:15 3151 Астана
Астанада демалыс күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Түнде ауа температурасы -18...-20 °С, күндіз -9...-11 ° С болады деп болжануда.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, алдағы үш күнде елордада -13 ° градусқа дейінгі ауа райы күтіледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сенбі, 8 желтоқсанда күн бұлтты болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 0-5 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы -18...-20 °С, күндіз -9...-11 ° С.

9 желтоқсанда, күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс пен оңтүстік-шығыстан жылдамдықпен 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -18...-20 ° C, күндіз -11...-13 ° C көрсетеді.

10 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -17...-19 ° C, күндіз -7...-9 ° C құрамақ.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар