Астанада Дүниежүзілік банк жобасы бойынша грант алушылар үшін семинарлар өтті

04 желтоқсан, 2018, 16:31 1738 Астана
Астанада Дүниежүзілік банк жобасы бойынша грант алушылар үшін семинарлар өтті

Төрт күн аралыңында семинарға қатысушылар тек теориялық негіздерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар тәжірибелік дәрістерге қатысты.

Астанада Дүниежүзілік банк жобасы бойынша грант алушылар үшін семинарлар өтті. 30-дан астам адам өз нәтижелілігін жоғарылатудың, тайм-менеджментті, қарым-қатынас құру, көшбасшылық, тиімді таныстыру және тағы да басқа икемділіктерінің түрлі технологиялары бойынша негізгі дағдылармен танысу мүмкіндігін берген семинарларға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Төрт күн аралыңында семинарға қатысушылар білікті бизнес-тренер, МВА бизнесті дамыту бойынша кеңесшісі Қайсар Мақанның жетекшілігімен тек теориялық негіздерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар тәжірибелік дәрістерге қатысты.

"Маған команда мәселесіне, командаларды қалай құрып, олардың қалай жұмыс істегеніне көп уақыт бөлгеніміз ұнайды. Мен үшін ең басты нәтиже – төрт күн бұрын ғана бір-бірімізді білмеген адамдар өзара қарым-қатынас құрып, көптеген заттарды білгеніміз", - дейді грант алушы Темірхан Жаңабергенов.

Семинарға тек грант алушылар ғана емес, сонымен қатар Дүниежүзілік бан, Халықаралық ғылым және коммерциялау бойынша кеңестің өкілдері қатысты.

"Бұл тренинг есте қаларлық болды. Мен өзім үшін жаңа білім алдым. Көптеген қателер барын және оларды түзету керектігін, басымдылықтарды қай бағытқа бұру керектігін, бізге айтқан ережелер бойынша жұмыс істеу керектігін түсіндім", - дейді грант алушы Азамат Рахымбеков.

Семинарға қатысушылар шақыртылған тренерлердің кәсібилігін, жылы қарым-қатынасты, қызықты тапсырмалар мен пайдалы білім алғандарын атап өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!