Астанада екі автобустың бағдары өзгереді

29 қазан, 2018, 18:06 2579
Астанада екі автобустың бағдары өзгереді

Оған көше жөндеу жұмыстары себеп.

№24 және 31 бағдардың қозғалысы өзгереді. 29 қазан сағат 10:00-ден 1 қараша сағат 10:00-ге дейін Қордай көшесі бойында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты автобустар қозғалысы шектелді, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.

№ 24, 31 бағдарлар бастапқы аялдамаларынан Айнакөл-Қордай көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан əрі Айнакөл көшесімен тіке, Бесшалқар көшесіне оңға, Сарын көшесіне оңға, Қордай көшесіне солға бұрылып əрі қарай бұрынғы қозғалыс сызбасымен қатынайды. Кері бағытта аталған сызбамен бірдей қозғалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жол жабық #Жолаушылар көлігі

Читайте также

Похожие новости