Астанада екі мыңнан аса лифт тексерілді

22 қараша, 2018, 20:12 3068 Астана
Астанада екі мыңнан аса лифт тексерілді

Астанада 6653 лифт тіркелген, оның 4910-ы – тұрғын үйлерде.

Бүгінге дейін көпқабатты тұрғын үйлерде 2050 лифт тексеруден өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лифт иелеріне айтылған ескертулерді жойып, қалпына келтіру туралы хабарлама жіберілді. Көпқабатты тұрғын үйлердегі қалған 2760 лифт күн сайын тексеріледі. Тексерудің қорытындысы бойынша барлық лифтерге техникалық куәліктің жүргізілген. Олардың пайдалану мерзімі 6-8 жылды құрайды.

Ескертулер негізінен диспетчермен кері байланыстың жоқтығына, лифт желдеткіші мен лифт шахтасының жарықтандыру жүйесінің жоқтығына, қозғалмалы қорапша төбесінен судың өтуіне қатысты жасалады.

"Осы жылы "2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде "Өркен қала" ЖШС қайтарылатын ақша есебінен үш үйдегі 5 лифтті ауыстырды. Сонымен бірге, аталған бағытта қолданыстағы заңның қайшылығына байланысты жергілікті атқарушы органның толық көлемде бақылау жүргізуіне мүмкіндігі жоқ. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ҚР Кәсіпкерлік кодексіндегі өкілеттілігінің, меминспектор статусының жоқтығына байланысты лифт ұйымдарын тексеруге мүмкіндігі жоқ", - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар