Астанада екінші ауысым оқушылары үшін сабақ болмайды

29 қараша, 2018, 11:47 1597 Астана
Астанада екінші ауысым оқушылары үшін сабақ болмайды

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Астанада 0-11 (12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

"29 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанның аумағы белсенді фронтальды аймақтың ықпалында орналасуына байланысты елімізде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, жел күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасын соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар