Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

31 қаңтар, 2019, 11:59 3229
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

Мұндай хабарламаны қалалық Білім басқармасы таратты.

Астанада екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларының барлығына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz.

"31.01.2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі бүгін республиканың басым бөлігінде тұман мен көктайғақ сақталады, кей жерлерде бұрқасын күтілетінін хабарлаған болатын. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым аумағында оңтүстіктен шығатын циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыс пен солтүстікте ауа райы ашық болады. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ауа райы #білім басқармасы #студенттер

Читайте также

Похожие новости