Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды - Жаңалықтар | BNews

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

06 наурыз, 12:17 961 Астана
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

6 наурызда екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді, деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 наурызда екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Бүгін таңертеңгі ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ болған жоқ.

Еске сала кетейік, ТЖД ауа райына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына  ескерту жариялаған еді.