Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды - Жаңалықтар | BNews

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

07 наурыз, 2018, 10:51 1761 Астана
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

7 наурызда екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді, деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 наурызда екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Бүгін таңертеңгі ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ болған жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!