Астанада бала денсаулығын анықтайтын құрал көрсеткіштері оның денсаулық құжатына енгізіледі

24 шілде, 2018, 14:11 1714 Астана
Астанада бала денсаулығын анықтайтын құрал көрсеткіштері оның денсаулық құжатына енгізіледі

Аппарат 25-40 минут ішінде 7-18 жас аралығындағы әрбір баланың физикалық жағдайын, соматикалық, нервтік-психикалық денсаулығын, физикалық дамуына скрининг нәтижесін шығарып бере алады.

Медицина қызметін цифрландыру тапсырмасын ескере отырып, Астанада қыркүйекке дейін кешенді медициналық ақпараттық жүйе бағдарламасы бар "Экспресс денсаулық" аппараттық-бағдарламалық кешенінің барлық мүмкіндігі біріктіріледі, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде астанада 84 мектептің бәрі "Экспресс денсаулық" аппараттық-бағдарламалы кешенмен жабдықталған. Аппарат 25-40 минут ішінде 7-18 жас аралығындағы әрбір баланың физикалық жағдайын, соматикалық, нервтік-психикалық денсаулығын, физикалық дамуына скрининг бағасын шығарып бере алады.

№5 қалалық емхананың балалық және босандыру жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Ольга Инякина аппараттың бойы, салмағы, әрбір оқушының антропометриялық мінездемесін, мінез-құлқы ауытқып кету қаупі барын анықтауға көмектесетін модульден тұратынын айтты.  

"Люшер тесті" деген модуль бар. Соның арқасында әрбір баланың стресске қарсы тұра алатынын, мінез-құлқы бұзылмайтындығын анықтайды. Скринингтен кейін тағы да баланың бейімделудегі физиологиялық ауытқуын, кейбір стрестік оқиғаларға бейімділігін анықтайды. Бұл медицина қызметкеріне дер кезінде баланы тексеруге жіберуіне көмегін тигізеді", – дейді Ольга Инякина.

Келесі модуль жүрек соғысының түрленгіштігін анықтайды. Мұны ЭКГ құралы деуге де болады. Баланың электрокардиографиясын, жүрек қағысын, өзгерісін анықтайтын орта есеппен көрсететін бағдарлама орнатылды. Бұдан басқа, аппараттық-бағдарламалық кешен баланың көру өткірлігі, көру алаңы мен түстерді байқауын бағалауға мүмкіндік береді. 

"Біз қазір балалардың жалпы білім беретін мектептерде көзіне көп салмақ түсетінін білеміз. Дер кезінде қойылған диагностика көру қабілетін бұзылудан сақтап, дәл уақытында түзету енгізуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда көрудің нашарлай бастайтыны дәлелденген", – дейді ол.

Скринигтің қорытындысы бойынша ауытқу бар жағдайда медицина қызметкері баланы учаскелік дәрігер мен арнайы маманға тағы да тексеруден өтуіне жолдай алады. Бұл уақытты үнемдеп, зерттеуге кететін шығынды азайтып, медицина  қызметінің сапасын жақсарта түседі.

2018 жылы Астанада мектепте оқитындардың саны 139 мың, 64 пайыз балалар шектеулі мамандар бригадасының профилактикалық тексерісінен өтті. Сонымен қатар оларға "Экспресс денсаулық" аппаратының тестілеуі де жүргізілді. Балалар арасында көбіне патологиялық дерттің үлесі – көру жүйесінің бұзылғандығы құрады. Ол 12 пайызға жетті, 4 пайызға жуық баланың арқасы қисайған.

Айта кетейік, осы жыдың қыркүйегіне дейін аппараттық-бағдарламалық кешенді "Экспресс денсаулықты" қазіргі қолданып жүрген медициналық ұйымдардағы кешенді медициналық ақпарат жүйесімен біріктіруі тиіс. 

Мектеп оқушысының денсаулығы туралы барлық көрсеткіштер баланың денсаулық құжатына жазылады. Оны учаскелік дәрігер көреді. Одан басқа, баланың ата-анасын хабардар ету үшін мектептерде оқушының денсаулық жағдайын бағалайтын тестілеудің нәтижесін көрсететін жеке кабинет ашылады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар