Астанада емделетін әр бесінші пациент – басқа аймақтың тұрғыны

4 Сентября, 2018, 19:44 2198
Астанада емделетін әр бесінші пациент – басқа аймақтың тұрғыны |  | BNews.kz

Ішкі медициналық туризм аясында жыл сайын елордаға сапалы ем қабылдау үшін 65 мың пациент келеді.

Ішкі медициналық туризм аясында сапалы ем қабылдау мақсатымен жыл сайын Астанаға 65 мыңға тарта адам келеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.   

20 жыл ішінде Астанада денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алды. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде қаланың медициналық мекемелерінде 25 мыңнан астам ем қабылдап, 4,5 мың ота жасалды. Оталардың 1700-де жоғары технологиялар қолданылды. Жедел жәрдем 190 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. 64 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, бірыңғай колл-орталыққа елорданың 217 мыңнан астам тұрғыны хабарласты.

"Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асырудың арқасында біз халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайттық. Бүгінгі таңда аталмыш көрсеткіш 76,2 жасты құрайды. Бұл – еліміз бойынше ең жоғары көрсеткіш", - деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол елорданың ішкі туризмге арналған ең танымал бағыттардың бірі екендігін атап өтті.

"Астана қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 30 мыңға тарта сәби дүниеге келеді. Басқа өңірлерден елордаға жыл сайын 40 мыңға жуық адам келеді. Ішкі медициналық туризм аясында жыл сайын Астанаға сапалы ем қабылдау үшін 65 мың пациент келеді. Бүгінгі таңда елордада емделетін әр бесінші пациент – басқа қаланың тұрғыны", - атап өтті Әлия Рүстемова. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости