Астанада ең өнерлі отбасы анықталды

18 қаңтар, 2019, 19:25 3020 Астана
Астанада ең өнерлі отбасы анықталды

Байқауға 22 отбасы қатысты.

№3 балалар музыка мектебінде "Менің өнерлі отбасым" байқауының қорытындысы шығарылды. Бас жүлдені Құрманғазының "Сарыарқа" күйін ойнаған елордалық Сұстанбековтар жанұясы жеңіп алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға барлығы 22 отбасы қатысты. Олардың арасында заманауи және халық әндерін, аспатық композицияларды ұсынған дуэттер мен триолар бар.

Стингтің "Every breath you take" композициясын орындаған Кандачковтар, Құрманғазының "Балбырауын" күйін ойнаған Оспановтар дуэті мен "Сәулем-ай" атты халық әнін шырқаған Исмағұловтар жанұясының өнері көрерменнің көңілінен шықты.  

"Бұл байқау отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың, сондай-ақ жалпы отбасының шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Отбасылардың аталмыш сайысқа жыл сайын белсене қатысатыны бізді қуантпай қоймайды", - деді № 3 балалар музыка мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Бесимбаева.

Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені Құрманғазының"Сарыарқа" күйін орындаған елордалық Сұстанбековтер жанұясы қанжығасына байлады.

"Менің өнерлі отбасым" байқауы қалалық білім басқармасының мұрындық болуымен өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар