Астанада ең үздік жас отбасы таңдалады

Написать нам
09 қазан, 2018, 10:58 1258 Астана
Астанада ең үздік жас отбасы таңдалады

Байқауға қатысу үшін үміткерлер іріктеудің 2 кезеңінен өтуі тиіс.

"Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер ұйымы Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысы бойынша, Астана қаласының жас отбасылары арасында "Үздік жас отбасы" байқауын жариялайды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.   

Байқауға қатысу үшін үміткерлер іріктеудің 2 кезеңінен өтуі тиіс. Қатысушылар бірінші кезеңде өз отбасы жайында "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында эссе жазуы керек. Жұмыстар 12 қазанға дейін қабылданады. Өтінішті astana.otbasy@gmail.com электрондық поштасы арқылы жіберуге болады.

Байқаудың екінші кезеңі қорытынды фестивалге ең үздік 10 жұп өтеді. Ол 20 қазан күні "Оқушылар сарайында" өтеді. Байқаудың жүлде қоры – 800 мың теңге.

Барлық сұрақтар бойынша Instagram әлеуметтік желісіндегі @astana.otbasy парақшасына жазуға болады. Байқау ережесі және өтінімді толтыру үлгісі www.zhasulan.kz ресми сайтында көрсетілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар