Астанада ер адам жылы аялдаманың есігін зақымдады

14 қаңтар, 2019, 19:48 2132
Астанада ер адам жылы аялдаманың есігін зақымдады

Оқиға Жеңіс даңғылында орналасқан аялдамалардың бірінде орын алған.

Елордада ер адам жылы аялдаманың есігін теуіп ашқан, салдарынан есіктің шынысы шытынап, зақымданды. Бұл туралы Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"10 қаңтарда тағы бір "батыр" Жеңіс даңғылы, 24 мекенжайындағы аялдамада өзінің күш-қарымын көрсетіп кеткен. Күшің көп пе, қайда жұмсарыңды білмей жүрсің бе? Онда біздің жол жұмысшыларына көмектес! Қар тазалап, қоқыс жина, сонда ғана өз бюджетіңе зиян келтірмейсің. Аялдамада жылынып алғаннан кейін осылай РАҚМЕТ айту керек пе? Өзіңді мықтымын деп есептесең, бізге кел де, қолыңа күрек пен сыпырғыш ал. Көпке пайдалы іс-әрекет жасасаң, өзіңді жақсы сезініп, 100 пайыз алғысқа бөленесің", - деп жазды Арман Тұрлыбек Facebook-тегі парақшасында.

Бұл жыл басынан бері елордада болған алғашқы оқиға емес. 2 қаңтарда 22 жасар Түркістан облысының тұрғыны Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан жылы аялдаманың есігін сындырған. Қолға түскен азамат ашуға бой алдырғандықтан, аялдама есігін теуіп жібергенін айтты. Оның сөзінше, қызын үйіне шығарып салып тұрып қатты ұрысып қалған. Сол жағдайдан кейін көпке дейін өзіне келе алмай, бар өшін есіктен алған.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #бұзақылық #әкім

Читайте также

Похожие новости