Астанада ерекше мюзикл өтті

3 Декабря, 2018, 18:15 1932
Астанада ерекше мюзикл өтті |  | BNews.kz

Инклюзивті мюзикл барысында сахнада 50 адам өнер көрсетті.

Назарбаев Университетінің кинозалында ерекше күтімді қажет жас актерлер "Сұлу қыз бен құбыжық" спектаклін қойды, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көптеген музыкалық нөмірлерге негізделген спектакль Дисней ертегісінің 40 минуттық нұсқасы бойынша қойылған. Онда даун синдромы, ақыл-ойдың артта қалуы, церебральды сал аурулары, аутизм спектрінің бұзылуы сынды диагнозы бар 25 жасөспірім актер өнер көрсетті. Жас актерлерге еріктілер – оқушылар, студенттер және жас мамандар қол ұшын берді.

"Сахнада 50 адам өнер көрсетті. Сахнадан тыс балалардың киімін ауыстыру, бояндыру, сурет пен бейнетаспаға түсіру, дыбыс және жарықпен жұмыс істеуге 25-тен астам ерікті көмектесті. Спектакльге 300-ден астам көрермен жиналды. Мұндай қызығушылық танытады деп күткен жоқпыз. Музыкалық кеш өте жарқын әрі әсерлі болды. Ал спектакльден кейін актерлерден қолтаңба алу үшін көрермендер кезекке тұрды", – дейді ұйымдастырушылар.

"KИT" инклюзивті мектебінің ашылғанына бір жылдан асты. Аз уақытта олар екі жобаны – инклюзивті театр және кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асырып үлгерді. Инклюзивті театр Астанада қазірдің өзінде екі музыкалық қойылымын ұсынды. Келер жылы гастрольдік сапарларға шығуды жоспарлауда.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13928

Похожие новости