Астанада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтеді

21 қаңтар, 2019, 15:02 1561
Астанада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтеді

Кеш аясында ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әсем әндер шырқалады.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған "Мен жалындап өтемін" атты музыкалық әдеби кеш өткізеді, деп хабарлады Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы.

Фариза Оңғарсынова аса көрнекті ақын, әрі қоғам қайраткері бола білген жан. Ол өзінің өміршең отты жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, оқырман жүрегінен мәңгілік орын таба білді. Бүгінгі таңда поэзия патшайымның өлеңдері жатқа оқылатыны жасырын емес.

Кеш аясында аяулы ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әсем әндер де шырқалады. Концертті тамашалауға келген көрермен "Жаным-дала, көгінен бұлт арылмай", "Айналайын, Оралым", "Қимастарым", "Фариза,  Фариза жан, Фариза қыз" т.б туындыларды тыңдап, рухани азық ала алады.          
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Ақын #композитор

Читайте также

Похожие новости