Астанада фотофестиваль қатысушылары марапатталды - Жаңалықтар | BNews

Астанада фотофестиваль қатысушылары марапатталды

10 шілде, 16:07 1896 Астана
Астанада фотофестиваль қатысушылары марапатталды

Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған "PHOTOfest.KZ" II фотофестиваліне қатысышыларға әртүрлі номинация бойыша дипломдар табыс етілді.

Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған "PHOTOfest.KZ" II фотофестивалінің қатысушылары марапатталды. Көрмеге Қытай, Жапония, Франция, Италия, Германия, Англия, Ресей, Армения, Әзербайжан сынды елдерден келген және отандық кәсіби фотографтардың ең үздік түсірілген 200-ге жуық туындысы қойылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. "Астана әлем фотографтарының объективінде" фотокөрмесінің ашылуы "Бәйтерек" монументінің алдында өтті.

"Көрмеге 18 фотогроф қатысып жатыр. Бесеуі  Қазақстаннан, 13-і Англия, Франция, Италия, Өзбекстан, Венгрия, Израиль, Қырғызстан сияқты әртүрлі елдерден келген. Әлемдік фотографтардан жалпы 300-ге жуық өтініш келіп түсті. Олардың ішінен 18 таңдап алынды. Фотогрофтар алдын-ала жұмыстарын жіберді, әділ қазылар алқасы олардың жұмысымен танысып, ішінен  іріктеп алды", - деді "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, фестивальдің сараптау комиссиясының мүшесі Асылхан Әбдірайым.

Фотогрофтар 3 шілдеден бастап түсірілімге кіріскен. Олардың әрқайсысына әртүрлі тақырыптар ұсынылған.

"Оларға келген бойда әртүрлі тақырыптар берілді. Мысалы "Жасыл Астана", "Астана балалары", "Астана жастары", "Нұрлы жол" деген тақырыптар ұсынылды.. Олар үш күн бойы осы тақырыптар бойынша  сурет түсірді. Осыдан кейін астана күнінде  еркін тақырып түсірілді. Әр фотографтан он суреттен таңдалып көрмеге қойылды", - деді фестивальдің сараптау комиссиясының мүшесі Асылхан Әбдірайым.

Сараптау комиссиясы бес адамнан құралған. Төрағасы Нұртөре Жүсіп, комиссия мүшелері Шүкір Шахай, Асылхан Әбдірәйім мен Ресейден шақырылған Андрей Мартынов пен Ирина Чмырева.  

"Сараптау комиссиясы көрмеге қойылатын жұмыстарды анықтады. Ал көрмеге кірмеген басқа суреттер фотоальбомға енеді. Содан кейін көрме ұлттық музейде жалғасады. Көрме осы айдың соңына дейін болады", - дейді Асылхан Әбдірайым.

Іріктеу бірқатар талаптарға негізделген. Ең бастысы Астана мерейтойы тақырыбы. Фотогрофтардың ерекше көзқарасы, композициясы, сапасы мен тақырыпты жан-жақты қамтуына ерекше мән берліді. Мақсат Астананың дамуын, оның тамаша архитектуралық сәулеті мен сәнін ерекше  жеткізу болды. Осыған көп назар аударылды.

"Сараптау комиссиясының шешімімен 18 фотографка 18 номинация бойынша дипломдар табысталады. Әр фотосуретшінің Астанага дейін көзқарастары әр-түрлі ракурста берілген. Шет елдіктердің көзқарастары фотоларында тұр. Біз үшін күнделікті көріністер болуы мүмкін. Олар үшін еркеше. Шет елдіктердің біздің құндылықтарды байқап, оны фототілмен жеткізуі өзгеше. Біздің көзге іліне бермейтін сәттерді байқаған. Менің ойымша бұл байқау Қазақстанның фотоөнеріне, Астананың тарихына қосылған үлкен үлес деп айтуға болады. Былтыр басталған бұл фотофестиваль биыл астананың  20 жылдығына ұласып отыр. Болашақта да жалғасын табады. Осы фестивальдің аясында ұйымдастырушы азаматтар жалпы Қазақстанның фотомузейін ашу туралы бір ұйғарымға келгендей болды. Бұл музейге тек бүгінгі Астана суреттері ғана емес, жалпы барлық бұрыңғы, тарихи  фототілшілердің суреттерін жинап, ескі суреттердлің бәрін цифрландырып, бүгінгі суреттермен қосып, ұлкен фотомузей жасау туралы ой бар", - деді сараптау комиссиясының төрағасы, "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.

Көрмеде өзінің ерешке фотосуреттерімен көзге түскен авторлар өте көп.

"Қазақстандық фотосуретші Ерболат Шадырақовтың суреті бар соны ерекше атап өтер едім. Ол ЭКСПО-ның шарын түсірген, ол шарды жүректің ішіне орналастырған. Мұнда сәйкес нүктені табу өте қиын, сондықтан сурет өте адемі шыққан.  Сондай-ақ, шет елдіктердің суреттері әдімі, Черкашиндердің суреттері тамаша. Олардың стилі арт графика стиль деп аталады. Суретті қолмен салғандай көрінеді.  Графика елес секілді әсер қалдырады. Әр фотосуретшінің өз көру қабілеті бар. Ұтымды, сәтті шыққан суреттер өте көп. Әр адамдікі әртүрлі. Фестиваль өз мақсатына жетті деп айтуға болады", - дейді деді сараптау комиссиясының төрағасы Нұртөре Жүсіп.

Сондай-ақ, Армениядан келген фотогроф Давид Акопянның суреттері де ерекше ықыласқа бөленді.

"Ерекше жұмыстар ретінде Давид Акопянды да айта кетуге болады. Ол казіргі Армения президенті Саркисянның жеке фотогрофы. Оның суреттері ақ қара түсті. Оның стилі де ерекше. Ол осы көрмеге арнап дін тақырыптарын түсірді. Сондай-ақ Назарбаев университетінде де болды. Давид Акопянның фотосуреттерінен Қазақстандағы ұлтаралық татулық ерекше көрініс тапқан. Оның көрмеге кірмеген фотосуреттері альбомға енеді. Қазақстандық суретшілер Ерболат Шадырақов, Ерлан Омаров, Максим Золотухин, Тілеубек Шаяхмет, Любовь Мамаевалардың жұмыстары да еш кем түспейді. Бұл фестивальдің болашағы бар, керемет фестиваль", - дейді Асылхан Әбдірайым

Сараптау комиссиясының мүшесі, белгілі фотогроф Шүкір Шахайдың айтуынша көрмеде жылқы жануарының бейнесі ерекше көрініс тапқан.

"Маған өзіме жылқа жануары өте қатты ұнайды. Әсіресе көкпардағы жылқы ұнайды. Ерболат Шадырақов пен Ерлан Омаров осы тақырыпта тамаша түсіріпті. Жылқының эмоциясын қараңыздаршы. Не деген күш-жігер, қазақтың бостандыққа деген эмоциясын бейнелейтіндей. Тағы бір айта кететін жайт, біз Астананы күнде түсіріп жүрміз ғой. Ал шетелдік фотографтар өзгеше көзқарастарды байқауы мүмкін. Көрме алдағы уақытта да дамып, жыл сайын өткізіліп тұрса, кейінгі ұрпақтың суретке деген қызығушылығын туғызып, үйреніп, білуге деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі. Осы көрме арқылы  композиция құруды, жарықты дұрыс коюды  үйренеді деп ойлаймын", - дейді сараптау комиссиясының мүшесі, белгілі фотогроф Шүкір Шахай.

Биыл Астананың мерейтойына қатысты көптеген елеулі жаңалықтар орын алды. Көрменің бірегейлігін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев ерекше атап өтті.

"Бүкіл әлемге танылған рейтингі өте жоғары шетелдік фотографтар Қазақстанға келіп, бірнеше күннің ішінде Астанамыз туралы жақсы туындылар шығаруға мүмкіндік алды. Біздің мәдени, рухани өмірімізде болып жатқан жағдайларды, Елорданың табиғаты мен осындай ғимараттарды өз көздерімен көріп түсіргеннен кейін сол туындыларды бізге паш етеді. Фестивальде шетелдік фотографтардың көзімен түсірілген Астананың жаңа көріністерін интернет арқылы жариялап, Астананың 20 жылдығында болып жатқан іс-шараларды кеңінен көрсетуге, бүкіл әлемге паш етуге үлкен мүмкіндік туып тұр. Бұл байқаудан күтеріміз өте көп. Өнер туындылары болған соң оларды өзге мемлекеттерге апарып, Астананың көріністерін көрсету мүмкін болмақ. Осы көрмеден үлкен үміт күтеміз. Жұмыс әрі қарай табысты жалғаса беретініне сенімдемін", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.

Бұған дейін Нью-Йоркте "Қазақстан әлем фотографтарының көзімен" фотокөрмесі өткені туралы хабарлаған едік. Айта кетейік, былтыр "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасы аясында "PHOTOfest.KZ" халықаралық фотофестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылды. Шілде айының 1 мен 7-сі аралығында өткен шараға Ресей, Түркия, Франция, Жапония сияқты әлемнің түкпір-түкпірінен келген және отандық кәсіби фотографтардың танымал фотоколлекциялары ұсынылды. 200-ден астам үздік сурет кітапқа топтастырылып, 2017 жылы желтоқсанның 11-15 аралығында Тәуелсіздік күні қарсаңында Нью-Йорктегі БҰҰ залында өткен "Қазақстан әлем фотографтарының көзімен" атты көрмеге қойылды. Ерекше туындылар шетелдікдіктердің жоғары бағасын алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: