Астанада газ құбырларының 2 мыңнан астам кранын ауыстыру қажет

21 қаңтар, 2019, 19:30 1617
Астанада газ құбырларының 2 мыңнан астам кранын ауыстыру қажет

Газ құбырларын тексеру шаралары 6 ақпанға дейін жалғасады.

Газды пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған үйлерді тексеру шаралары 6 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

18 қаңтардағы жағдай бойынша қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері 324 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі ішіндегі газ құбырларын тексерген.

"2347 кранды ауыстыру қажет. Әзірленген кестеге сәйкес, осы жұмыстарды 6 ақпанға дейін аяқтау жоспарланып отыр", – делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерде ішкі кіреберісіндегі газ құбырлары мен тұрмыстық баллондарды пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында басқарма "Тәуелсіз газ қауымдастығы" ЗТБ сарапшыларымен бірлесе отырып, 4 қаңтардан бастап орталықтандырылған газбен жабдықтауға қосылған 1 080 КПТҮ ішкі кіреберісіндегі газ құбырларын тексеру басталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов ТЖ департаментіне қаладағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды. Мұндай тапсырманы қала әкімі Магнитогорсктегі төтенше оқиғадан, сондай-ақ газды пайдалану салдарынан елордада болған екі оқиғадан кейін беріп отыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақыт Сұлтанов #тексеріс #қауіпсіздік

Читайте также

Похожие новости