Астанада халыққа қызмет көрсететін мекемелер бірыңғай стильге көшеді - Жаңалықтар | BNews

Астанада халыққа қызмет көрсететін мекемелер бірыңғай стильге көшеді

14 ақпан, 14:47 873 Астана
Астанада халыққа қызмет көрсететін мекемелер бірыңғай стильге көшеді

Мекемелердің дизайны жақын арада белгілі болады.

Таяу арада елордадағы барлық аурухана мен халыққа қызмет көрсететін мекемелер бірыңғай стильге көшеді. Бұл туралы "Астана – адалдық алаңы" жобасы бойынша өткен кеңесте жобалық кеңсенің жетекшісі Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол бұл жаңалықтың, ең алдымен, халыққа ыңғайлы болуы үшін жасалып жатқанын айта кетті.

"Ірі банктерге қарасаңыз, олар сонау алыстан көрініп тұрады әрі бірден банк екенін білесің. Ірі сауда орталықтары да бірден көзге шалынады. Яғни осы ірі бизнестегі сияқты біздің мекемелердің де бірден білінетін стилі болуы қажет. Ең алдымен біз мұны медицина мекемелеріне, табиғи монополия субъектілеріне қолданғымыз келеді. Сондай-ақ, тек сыртқы параметрлерін ғана емес, адамдарға да жайлы жағдай жасап өзгертеміз", - дейді Жазира Жылқышиева.

Ол жақын арада ғимарат дизайнының тұсаукесері болатынын айтты. Жоба Астанада жүзеге асырылып, екінші жарты жылдыққа дейін еліміздің барлық аймағындағы медициналық мекемелерді бірыңғай форматқа көшетінін жеткізді.

Мұның алдын "Астана – адалдық алаңы" жобасының аясында ауқымды қоғамдық бақылау енгізетіні туралы хабарланған болатын. Арнайы топ құралдар енгізіп, әзірлейді, азаматтар соның көмегімен құрылыс және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны бақылай алады, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның да жүзеге асырылып жатқанын біліп отырады.

Жобалық кеңсенің жетекшісі Жазира Жылқышиева астананың барлық тұрғынына қарата мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту туралы өзінің ұсынысы мен жемқорлықтың деңгейін төмендетуге шақырды. Әрбір үміткер Бейбітшілік, 11 мекенжайындағы 101-кабинетте орналасқан жобалық кеңсеге келіп, жүгіне алады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары