Астанада II Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтті - Жаңалықтар | BNews

Астанада II Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтті

06 ақпан, 09:27 353 Астана
Астанада II Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтті

Форумға екі елдің бизнес топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.

Форумға шетелдік сарапшылар мен инвесторлар, ҚР Үкіметінің, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік бизнесмендер қатысты, деп хабарлайды BNews.kz PrimeMinister.kz-ке сілтеме жасап.

Кіріспе баяндамасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов аталған іс-шараның өткізілуінің түйінді міндеттері мен мақсаттары туралы айтып кетті.

"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында жасалған тапсырмаларды жеке атап кеткім келеді, бұл жаңа технологиялар енгізуге бет бұру және экономиканың барлық салаларын, бірінші кезекте машина жасау, мұнайды қайта өңдеу, тағам, металл өнеркәсібі және құрылыс индустриясы сияқты еңбек өнімділігі жоғары өнеркәсіп секторын сандық қалыпқа ауыстыруға қатысты тапсырмаларды атап кеткім келеді. Бүгінгі іс-шараға келген Грекия компаниялары осы басымдықтарды түсініп отыр", - деп атап кетті ҚР ИДМ вице-министрі.

Форум барысында қатысушыларға Қазақстан мен Грекцияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.

2017 жылы біздің елдердің арасындағы сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 980 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанға Грекиядан импорт 25% артып, 16,5 млн. АҚШ долларын (2016 жsks - 13,2 млн. АҚШ доллары) құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары