Астанада PHOTOfest.KZ II фотофестивалі ашылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада PHOTOfest.KZ II фотофестивалі ашылды

10 шілде, 12:12 1199 Астана
Астанада PHOTOfest.KZ II фотофестивалі ашылды

Оған шетелдік және отандық 20 кәсіби фотограф қатысты.

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Елордада екінші рет "PHOTOfest.KZ" халықаралық фотофестивалі ұйымдастырылып отыр. Оған шетелдік және отандық 20 кәсіби фотограф қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қытай, Жапония, Франция, Италия, Германия, Англия, Ресей, Армения сынды елдерден келген кәсіби фотографтардың барлығы – әлемге танымал фотосуреттердің авторлары. Олардың арасында Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян бар. Суретті түсірудің ерекше әдістерімен өз брендтерін қалыптастырып үлгерген  мәскеулік Валера және Наталья Черкашиндер бар.

Бұл жолы әлемге әйгілі фотографтардың обьективіне – Қазақстанның елордасы – Астана болды. Биылғы шараның ерекшелігі – 20 фотограф, нақты 20 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Яғни, 5-8 шілде аралығында шаһардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбетін кескіндеп, дүнижүзіне паш етті. 

Бүгін "PHOTOfest.KZ" халықаралық фотофестивалі қорытындыланады. Түсірілген фотоколлекция "Бәйтерек" монументінің алдында "Астана әлем фотографтарының обьективінде" фотокөрмесінде көрерменге ұсынылады.  

Айта кетейік, былтыр "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасы аясында "PHOTOfest.KZ" халықаралық фотофестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылды. Шілде айының 1 мен 7-сі аралығында өткен шараға Ресей, Түркия, Франция, Жапония сияқты әлемнің түкпір-түкпірінен келген және отандық кәсіби фотографтардың танымал фотоколлекциялары ұсынылды. 200-ден астам үздік сурет кітапқа топтастырылып, 2017 жылы, желтоқсанның 11-15 аралығында Тәуелсіздік күні қарсаңында Нью-Йорктегі БҰҰ залында өткен "Қазақстан әлем фотографтарының көзімен" атты көрмеге қойылды. Ерекше туындылар шетелдікдіктердің жоғары бағасын алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: