Астанада істі болған жиырмаға жуық адам кәсіпкер атанды - Жаңалықтар | BNews

Астанада істі болған жиырмаға жуық адам кәсіпкер атанды

10 қараша, 2017, 12:53 1898 Астана
Астанада істі болған жиырмаға жуық адам кәсіпкер атанды

Жыл басынан бері Астанада темір тордың арғы жағынан оралған 20-ға жуық адам өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр, деп хабарлады BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда олар табысты жұмыс істеп тұрған ТҚС, сауда орыны, құрылыс бригадасы сияқты шағын кәсіптерін ашқан. Бұл туралы «Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары» ҚҚ-ның директоры Орынбасар Құлжабаева, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырған «Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарға арналған кәсіпкерліктің тұрақты дамуы» атты конференциясында мәлімдеді.

«Абақтыдан шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналасу өте маңызды. Осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлікті дамытудың маңызы өте зор», - деп атап өтті О. Құлжабаева.

О.Құлжабаеваның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Астанада бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1240 азаматқа көмек көрсетілген. Темір тордан оралған азаматтар психологиялық, медициналық көмек алып, құқықтық қолдауға ие болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар