Астанада 30-дан астам "ақылды" бағдаршам іске қосылады

11 қаңтар, 2019, 15:03 988
Астанада 30-дан астам

Бұдан бөлек, тоғыз жол қиылысында 87 бейне детектор, 27 бейнебақылау камерасы орнатылады. 

Зияткерлік көлік жүйесімен (ITS) бүгінгі таңда 443 бағдаршамның 105 нысаны қамтылған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында белгілі болғандай, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршам нысаны қосылады, 48 ақпараттандыру таблосы, 130 радиолокациялық детектор орнатылады.

"Бұдан бөлек, тоғыз жол қиылысында 87 бейне детектор, 27 бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл жалпы көлік ағынына әсер ететін негізгі көлік тораптарын қамтуға, қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #бейнебақылау #көлік

Читайте также

Похожие новости