Астанада қала экологиясының өзекті мәселелері талқыланды - Жаңалықтар | BNews

Астанада қала экологиясының өзекті мәселелері талқыланды

02 ақпан, 11:56 1630 Астана
Астанада қала экологиясының өзекті мәселелері талқыланды

Энергетика министрі мен Астана қаласының әкімі қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс жоспарымен бөлісті.

Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесіп, күн тәртібінеде қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, қала экологиясының өзекті мәселелері, жылу-энергетикалық жүйесінің дамуын қосымша қаржыландыру сияқты үш мәселе қарастырылды, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселесі қарастырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды толық масштабты бөлек жинауды енгізу бұл жобаның бірінші кезектегі іс-шарасы болып табылады.

Кездесу барысында Астана қаласының әкімі  "2018-2020 жылдарға арналған Астана қаласының қоршаған ортаны жақсарту бойынша кешенді жоспарын" және "2030 жылға дейінгі астананың төмен көміртекті дамуының стратегиясын" әзірлеу барысында жүргізілетін жұмыс туралы мәлімдеді. Оның аясында әкімдік ҚР Энергетика министрлігінің экологиялық заңнаманы күшейту бойынша ұсыныстарын дайындауда.

Сондай-ақ қоқысты қайта өңдеу саласында заңнаманы жетілдіру мәселесі қарастырылды.

Кездесу барысында тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары