Астанада қала маңына қатынайтын жеті автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылды

7 Февраля, 2019, 09:28 3307
Астанада қала маңына қатынайтын жеті автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылды |  | BNews.kz

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын №300, 305, 308, 309, 312, 315 және 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BNews.kz Astana LRT-ға сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, №301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда.

"Сізден барынша сақ болып, үсіп қалмауларыңызды, өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлайтын боламыз. Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT-ның Facebook, Іnstagram-дағы парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан біле аласыздар", - делінген хабарламада.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13934

Похожие новости