Астанада қар мерекесі аталып өтеді

16 Января, 2019, 12:35 2016
Астанада қар мерекесі аталып өтеді |  | BNews.kz

Мерекенің мақсаты – халықты, оның ішінде, балаларды қысқы спорт түрлеріне баулу.

Астана Халықаралық қар күнін тойлауға өз үлесін қосады. Аталмыш мереке жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) бастамасымен әлемнің 40-тан астам мемлекетінде қаңтар айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлады Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы. Мерекенің мақсаты – халықты, оның ішінде, балаларды қысқы спорт түрлеріне баулу.

Астанада Қар күніне орайластырылған шара Ботаникалық бақ аумағында өтеді. Бағдарламада 18 жасқа дейінгі балалар арасында шаңғы жарысы, көңілді старттар, балалар байқаулары және ойын-сауықтар қарастырылған.

Қатысушылар жеке куәліктері арқылы тіркеледі. Шара өтетін аумақта шаңғыны жалға беру пункті жұмыс істейді. Жарысқа шаңғы тебе білетіндердің барлығы қатыса алады. Денсаулығы мүмкіндік берсе болғаны. Тіркелген қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлінеді. 5 жасқа дейінгі балалар үшін дистанция – 100 м, 5-7 жастағылар үшін – 1 км, 8-12 жастағылар үшін – 2 км, 13-14 жастағылар үшін – 3 км, 14-18 жастағылар үшін – 5 км. Әр топ бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де басталады. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости