Астанада қар жауып, үскірік соғады

31 қазан, 2018, 17:28 3715 Астана
Астанада қар жауып, үскірік соғады

1 қараша күні көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жауын-шашын болады.

Елордада ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін күн бұлтты, қар жауып, тұман мен көктайғақ болады.

Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде ауа температурасы -6…-8 °С, күндіз -1…-3 °С жетеді. Ертең, 1 қараша күні көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жауын-шашын болады. Түнде солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6-8 °C, күндіз  -1…-3 °C болады.

2 қарашада ауа райы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2…-4 °C, күндіз 0 °C болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар