Астанада "Қауіпсіздікке қарай жасалған қадам" акциясы өткізілді

26 шілде, 2018, 18:22 3175 Астана
Астанада

Акция барысында балаларға өрт қауіпсіздігі қағидасы, жазғы маусымда судағы қауіпсіздікті сақтау қағидалары түсіндірілді.

"Қауіпсіздікке қарай жасалған қадам" акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жазғы демалыс кезеңінде Астана қаласы "Алматы" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері апта сайын төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізуде.

Басқарма қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ қамқорлығындағы балалар арасында "Қауіпсіздікке қарай жасалған қадам" акциясын өткізді.

Акция аясында 7-15 жас аралығындағы балалар "Төтенше жағдайларсыз ғажайып әлем" тақырыбындағы сурет салу байқауына қатысты. Оларға өрт қауіпсіздігі қағидасы, жазғы маусымда судағы қауіпсіздікті сақтау қағидалары түсіндірілді.

Акция соңында балаларға құтқару жилеттері, құтқару шеңберлері және естелік сыйлықтары табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар