Астанада қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар қарашаға дейін жалғасады

08 тамыз, 2018, 18:05 1955 Астана
Астанада қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар қарашаға дейін жалғасады

Мемлекеттік тілді кез келген адам оқып үйренуіне болады. 

Оқудың бірінші кезеңі сәуірде басталған болатын. Қазіргі таңда оқудан 750 адам өтті. Оқушылар деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Мұнда барлығы 6 деңгей. А1 және А2 – базалық деңгей, Б1 және Б2 – орташа, С1 және С2 – алдыңғылар. Деңгей тест арқылы анықталады. Сосын қалауына қарай арнайы топқа жазылу басталады. Сәуірден шілдеге дейін бізде 51 топ оқып кетті", - деді Ұлттық тіл орталығының директоры Айжан Сұмғатова. 

Қазақ тілін оқыту ҚР тілді функциялау және дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

"Өткен жылы осы бағдарлама бойынша біз 1400 адамды оқыттық, осы жылы тағы да осыншама адамды қамтуды жоспарлап отырмыз", - деді Айжан Сұмғатова.

Әр топ 10-13 адамнан құралған. Оқушыларды 12 ұстаз оқытуда.

"Қазір мен осы шақ пен өткен шақтан тұратын қарапайым сөйлем құрай аламын. Нәтижеме көңілім толады. Қазір жасым 33-те, кейбіреулер бұл жасты тіл үйренуде кеш деп санауы мүмкін. Менің тәжірибемде керісінше. Әріптестерімнен бұрынғыдай ресми құжаттарды аударып беруін өтінудің қажеті жоқ, өзім түсіне бастадым. Әрине оқуымды жалғастырамын, себебі маған осы курста оқыған ұнайды", - дейді  Ирина Свиридова.

Оқытудың жалпы бағдарламасы 8 айға арналған. Сынақты сәтті тапсырғаннан кейін оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар